Оқиға

«Қазақстан» шахтасындағы өрт: 3 кеншінің тағдыры белгісіз

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің өрт шыққан «Қазақстан» шахтасынан 224 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алдын ала мәліметке сәйкес, қауіпсіз жерге шығарылған 13 адам бас ауруы мен жөтелге шағынданған. Қазіргі уақытта 4 адам, оның ішінде екеуі Шахтинск қаласының орталық аурухаансына, тағы екеуі облыстық медициналық орталыққа жатқызылды.

Оқиға орнында Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басин мен Шахтинск қаласының әкімі Мұрат Қыдырғанбеков жүр.

Сол кезде шахтада 227 адам болған. Олар қаптал ұңғыма арқылы жер бетіне шығарылды. Оқиға орнында «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» республикалық орталық штабының және Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жұмыс істеп жатыр. Өрттің шығу себебі анықталу үстінде.

Фото: gov.kz

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button