Оқушыларға мектепте хиджаб киюге рұқсат беріле ме? — Министр жауап берді
Үкімет отырысының кулуарында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектепке хиджаб киіп келуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Министр оқушылардың киіміне қатысты еш өзгеріс енгізілмегенін, балалардың барлығы мектепке тек мектеп формасымен келуі керек екенін атап өтті.
Біздің мемлекетіміз Конституция бойынша зайырлы ел деп есептеледі. Мектеп те зайырлы. Оның үстіне 2016 жылы мектеп формасына қатысты бекітілген бұйрық бар. Онда ешқандай өзгеріс болмады. Сондықтан мектеп формасына қатысты талап бойынша оқушылардың барлығы мектепке тек мектеп формасымен келуі керек. Барлығы заң аясында және белгіленген тәртіп бойынша болуы керек, — деді министр.
Бейсембаев атағандай, зайырлы мемлекет болғаннан кейін зайырлы елдің заңын орындауымыз керек.
Фото: ratel.kz