Қоғам
«Ин ша Аллаһ!»: Талғат Рысқұлбеков мектепте хиджабқа рұқсат берілмесе, Шешенстанға көшетінін айтты (ВИДЕО)
Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтің інісі Талғат Рысқұлбеков мектепте хиджабқа рұқсат етпесе, Шешенстанға көшетінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қызыма орамалмен білім алуына рұқсат етпесе, Ин ша Аллаһ Шешенстанға көшемін, – деп жазды ол facebook-парақшасына.
Оның айтуына қарағанда, мектепке орамалмен келуге тыйым салу – Аллаға қарсы шыққанмен тең.
Мұны мен айтып отырған жоқпын, Алланың парызы. Біздің елімізге Алладан апат келе ме деп қорқамын, – дейді Талғат Рысқұлбеков.
Зайырлы елімізде оқушы білім ордасына тек мектеп формасымен келуі тиіс.
Фото: Қазис Тоғызбаев