Қоғам

«Мен тегін алмаймын!»: Тоқаев Тәжікстан ұйымдастырған көрмеде сауда жасаған (ВИДЕО)

ҚР Президентінің телерадиокешені Қасым-Жомарт Тоқаевтың видеосын жариялады. Онда Мемлекет басшысы кез келген нәрсені ешқашан тегін алмайтынын, әрдайым ол үшін ақы төлейтінін айтады, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл видео желідегі әртүрлі парақшалар мен бұқаралық ақпарат құралдарында қызу талқыланып, тез тарай бастады.
Желі қолданушыларының көбісін Президенттің бұл әрекеті тәнті етті:

  • «Президентіміз өте қарапайым, өте ақылды адам! Тіл-көзден сақтасын!».
  • «Дұрыс, әр зат еңбекпен келеді».
  • «Дұрыс, тегінге құмар адамдар ұнамайды. Әр заттың, әр еңбектің өз құны бар. Адам еңбегін бағалау керек».
  • «Текті адам, абыройын сақтаған Президент, Таразға келгенде де сатып алған бәрін».
  • «Тоқаев мырза бәрімізге үлгі болатын нәрсе көрсетті».

Фото: видеодан скриншот

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button