СҚО-да әкесімен бірге аңға шыққан бала өзін атып тастаған
Әкесімен бірге аңға шыққан бала өз аяғын атып алды. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Қару айналымын бақылау және табиғатты қорғау басқармасының бастығы Асылбек Ыдырысов айтты, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
2 қыркүйектен бастап республика аумағында күзгі аңшылық кезеңі басталды. Осыған байланысты аңшыларды аң аулау және қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын сақтауға шақырамыз. Бүгінгі күні аң аулау кезінде бұндай фактілер өкінішке орай орын алып отыр. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында әкесі баласымен аңға шыққан. Ол баласына қару берген. Баласы қаруды ұстау ыңғайын білмей өзінің аяғын атып алған, — деді басқарма бастығы министрліктің баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.
Оның атап өтуінше, уәкілетті қорықшы қызметі аң аулау кезеңінде бақылауды күшейту бойынша бірқатар іс-шара қабылдап жатыр.
Өз кезегінде ішкі істер органдары табиғатты қорғау органдарына рейдттік іс-шараларды өткізуге көмек көрсетеді,- деді Асылбек Ыдырысов.
Фото: pixabay