Спорт
Дзюдошы Әбиба Әбужақынова Азия ойындарында күміс жүлдені жеңіп алды
Дзюдошы Әбиба Әбужақынова Ханчжоудағы өтіп жатқан Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленді, — деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
48 килоға дейінгі салмақта отандасымыз финалда жапон қызы Нацуми Цунодамен кездесті. Үш дүркін әлем чемпионына қарсы белдесуде Әбиба қарсыласына жол берді. Қазақстандық спортшыға көзінің астындағы жарақаты да әсер етті. Медициналық көмекке де жүгінді.
Айта кетейік, дзюдошы қазақ қызы Азия ойындарындағы алғашқы кездесуінде филиппин спортшысын вазари әдісімен, одан кейін Солтүстік Корея балуанын ұтқан. Жартылай финалда оңтүстіккореялық Ли Хек Енгті жеңді.
Әбиба Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлдені салды.
Фото: insporttv.kz