Qazaq-тың ақшасы

Нұржан Әлтаев Абылай Мырзахметовтен аса ірі көлемде пара алды деп күдіктеледі – Антикор

Кеше Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жасырын іс-шаралар кешенінің нәтижелері бойынша экс-вице-министр Нұржан Әлтаевты аса ірі көлемде пара алды деген күдік бойынша ұстаған болатын, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Нұржан Әлтаев Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі, кейіннен Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде жүйелі негізде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовтен аса ірі мөлшерде пара алды деп күдіктенеді. 2018-2020 жылдар кезеңінде жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқара отырып, ол Абылай Мырзахметовтің мүддесі үшін әрекет етіп, оның ұйымына мемлекеттік тапсырыстарды алуына ықпал етіп, жалпы қамқоршылық көрсеткен, – делінген Антикор таратқан хабарламада.

Нұржан Әлтаев Астана қалалық Полиция департаментінің Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр.

ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Фото: Informburo.kz

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button