Экономика
Еліміздегі орташа зейнетақы мөлшері аталды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 триллион 755,2 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақыға – 845,2 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақыға – 1 триллион 910 миллирад теңге бағытталды, — делінген хабарламада.
2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 миллион 320 мың адам.
2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 873 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 980 теңге, базалық зейнетақы – 37 893 теңге, — делінген хабарламада.
Фото: astana-akshamy.kz