Қоғам

Еліміздің шекарасынан заңсыз өтпек болған Ауғанстан азаматтары ұсталды

Батыс Қазақстанда заңсыз мигранттар ұсталды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Polisia.kz мәліметінше, осы жылдың 17 қарашасында жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шара барысында Бөрлі аудандық Пб көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері БҚО бойынша ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп Қазақстан Республикасынан мемлекеттік шекарасынан Ресей Федерациясына заңсыз кесіп өтпекші болған Ауғанстан Республикасының төрт азаматын ұстады.

Аталған шетел азаматтарына қатысты ҚР ҚК-нің 514-бабы 2-бөлігіне (Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара режимiн бұзу) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.

Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ұсталғандардың айтуынша, олар жақсы өмір сүру үшін Еуроодақ елдеріне бет алған.

Фото: дереккөз

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button