Қоғам

Ақтауда білім бөлімінің басшысы ұсталды

Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру саласында заңсыз баюдың жемқорлық схемасын ашты, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижелері бойынша Ақтау қаласы білім бөлімінің басшысы әшкереленді.

Ол аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға тамақтандыру қызметтерін көрсету бойынша жасалған шарттар шеңберінде орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін әрі ақша аудару және жалпы қамқорлығы үшін пара алды деген күдікке ілінді. Соттың санкциясымен күдікті қамауда ұсталады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр, – делінген Антикор хабарламасында.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Фото: ашық дереккөз

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button