Аймақ

Жүзден аса ғимаратқа зақым келді: Қарағандыда төтенше жағдай жарияланды

Өткен демалыс күндері Қарағанды облысында дауыл соғып, жүзден аса ғимаратқа зақым келді. Осы орайда облыс әкімі Қарағандыда төтенше жағдай режимін енгізуді тапсырды. Құтқарушылар ауа райының салдарын жойып жатыр. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Өңірдегі жағдай туралы облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевқа ТЖ департаментінің бастығы Мұрат Қатпанов баяндады.

18-19 қарашада аймақта қатты желдің салдарынан 114 тұрғын үй мен әртүрлі ғимараттардың шатырына, қабырғасына зақым келді. Қираған шатырдың жалпы ауданы — 18 947 шаршы метр. Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Шахтинск, Ақтоғай, Абай, Бұқар жырау, Осакаров, Нұра, Қарқаралы және Шет аудандарының аумағында электр энергиясы ішінара өшіп қалды. Қазіргі уақытта облыстың елді мекендерінің басым бөлігі электр энергиясына қосылған, үш қалада және төрт ауданда авариялық жұмыстар жалғасып жатыр. Сондай-ақ, ағаштардың қирауы мен құлау қаупі туралы 85 хабар түсті, — деді Мұрат Қатпанов.

Ермағанбет Бөлекпаев қалалар мен аудандардың әкіміне қысқа мерзімде зардап шеккен нысандарды қалпына келтіруді тапсырды.

ТЖ жариялап, барлығын заң аясында жасау керектігін тілге тиек етті.

Зақым келген үй тұрғындары шатыр мен қаптамны жөндеуге қатысты алаңдаушылық білдіріп жатыр. Қарағандылықтардың бұл сұрағына қала әкімдігі жауап берді.

Төтенше жаңдай шеңберінде қалалық әкімдік ұшып кеткен шатырларды қайта қалпына келтіріп береді, — деді әкімдіктен.

Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button