Оқиға

Шымкентте әйел баланы 3-қабаттан лақтырып жіберген

Шымкентте 23 қараша күні кешкісін әйел баланы үшінші қабаттан лақтырып жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәліметтерге сай, бала көптеген дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді, жағдайы ауыр.

Дәрігерлерге оқиғаның кешкі сағат 21:00 шамасында болғанын, туысы сәбиді терезеден лақтырып жібергенін куәгерлер айтты. Кейбір мәліметтер бойынша, 40 жастағы әйел психикалық денсаулық орталығында есепте тұрады. Оқиғадан кейін әйел психикалық ауруханаға жеткізілді.

Полиция тергеу жүргізіп жатыр.

Денсаулық сақтау басқармасында Zakon.kz тілшісіне хабарлағандай, бала облыстық балалар ауруханасында жатыр.

Фото: Pixabay 

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button