Астанада елорданың бас шыршасы жағылды
Астанада елорданың бас шыршасы жағылды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Астанада елорданың бас шыршасын жағу іс-шарасы салтанатты түрде өтті. Іс-шараға шамамен бес мыңға жуық адам қатысқан.
Оның биіктігі 25 метр. Шырша ұзындығы 2 мың метрге тең «твинк лайт» жарық шамдарымен және ірілі-ұсақты қар тәріздес ойыншықтармен безендірілген. 900 шар ойыншық қолданылды. Етегінің диаметрі 10 метрге жуықтайды.
ЭКСПО аумағында шыршаны жағу рәсімінде елорда тұрғындары мен қонақтары үшін концерттік бағдарлама, жаңа жылдық жәрмеңке, слайдтар, мұз айдыны, лабиринт, фуд-корт, арнайы тақырыпқа арналған фотоаймақтар және т.б. ұйымдастырылды. Іс-шараға шамамен бес мыңға жуық адам қатысты.
Іс-шара қонақтарын «Жарты Ай адамы» түріндегі қуыршақтар, сол сияқты Қар ханшайымы, ергежейлілер және Щелкунчик бейнелеріндегі қуыршақтар қарсы алып, жиналғандарға ерекше көңіл күй сыйлады.
Естеріңізге сала кетейік, елорданың 5 ауданында бүгін 30-ға жуық мерекелік шырша жағылды, сондай-ақ мұз айдындары, слайдтар, жаңа жылдық жәрмеңке және т.б. бар қысқы мұз қалашықтар өз жұмысын бастайды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, қалалық бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында алдыңғы жылғы материалдар пайдаға жаратылыпты. Салтанатты рәсімге жылдағы дәстүрге сай, бірнеше мың бүлдіршін қатысты. Шыршаны жағу рәсімінен кейін елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған концерттік бағдарлама қойылды.
Фото: Астана әкімдігі