Аймақ

Павлодарда пәтердегі үйілген қоқыс «КамАЗ» арқылы шығарылды

Павлодарда полиция пәтерде жиналған қоқысты «КамАЗ» жүк көлігі арқылы шығаруға мәжбүр болды, деп хабарлады Polisia.kz.

Тұрғындар учаскелік полиция инспекторы Жәнібек Қасымхановқа хабарласып, көрші пәтердегі қоқысты шығаруға көмектесуді сұраған.

Тәртіп сақшысы Кривенко көшесі, 81 мекен жайы бойындағы тұрғын үйдің бір бөлмелі пәтерінде 57 жастағы ер адамның жалғыз тұратынын анықтаған. Ол үйінде қоқыс жинауды әдетке айналдырған.

Көршіміздің құбыры қатып қалып, үйде жылу болмады. Біз оның пәтерінің есігін қаққан едік, бірақ есікті ешкім ашпады, – дейді көршілері.

Содан Жәнібек Қасымханов әкімдікке қоңырау шалып, қоқысты шығаруға жәрдемдесуді сұраған. Әкімдік тіркемесі бар «КамАЗ» жүк көлігін жіберіп, полицияға пәтердегі қоқысты бірнеше күн бойы шығаруға тура келген. Содан кейін сантехник құбырды жөндеп, тұрғын үйге жылу берілген.

Фото: дереккөз

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button