Қоғам

Қайрат Сатыбалдының 120 миллион долларлық мүлкі мемлекетке қайтарылды

Соңғы бір айда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыдан 120 миллион доллар қайтаруды қамтамасыз етті, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сатыбалдаға қатысты тергеу нәтижесімен бөлісті.

Қабылданған шаралар нәтижесінде желтоқсанның өзінде 55,4 млрд теңгеден асатын жалпы сомасы 120 млн АҚШ долларын құрайтын қаражатты қайтару қамтамасыз етілді. Қаражат мемлекетке келтірілген шығынды өтеу үшін республикалық бюджетке жіберілді, – деп хабарлады мекеме.

Жалпы, соңғы екі жылда қылмыстық жолмен алынған 912 миллиард теңгеден астам мүлік бюджетке түскен. Оларға әкімшілік ғимараттар, эксклюзивті зергерлік бұйымдар, люкс үйлер, пәтерлер мен автокөліктер, компаниялардағы үлестер, теміржол желілері мен қорлар, соның ішінде шетелден келген қаражат кіреді.

Фото: tv7.kz

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button