Оқиға

Астанадағы «Хан шатыр» сауда ойын-сауық орталығынан өрт шықты

Астанадағы «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығында өрт шықты, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz қалалық ТЖД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, 23 желтоқсан күні сағат 14:00-де қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері Тұран даңғылы, 37 мекен жайындағы «Хан шатыр» сауда ойын-сауық орталығындағы өрт туралы хабарламаға шыққан.

Келген бойда 5 минутта өрт сөндірушілер артқы кіретін жақтан қою қара түтіннің шығып жатқанын анықтады, трансформаторлық қосалқы станцияның 10 ш метр және кабельді шахта 0-қабатта өртеніп жатқаны анықталды», – делінген департамент таратқан хабарламада.

Өрттің таралу қаупі жоқ. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт ошағы болған жерде жеке құрамның 66 адамы және Астана ТЖД 14 техникасы өрт сөндіру үшін жұмыс істеп жатыр.

Фото: Tengrinews.kz

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button