Елорда

Елордада әйел бірге тұрып жүрген азаматтың көлігі мен 23 миллион теңгесін алып, қашып кеткен

Астанада әйел бірге тұрып жүрген азаматтың көлігін айдап кетіп қалған. Ер адам көлік ішінде сонымен қатар 23 миллион теңгесін алып кеткенін айтып, полицияға шағымданған, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Оқиға 20 желтоқсанда Қосшы қаласында болған. Полицияға ЖШС басшысы, елорда тұрғыны өтінішпен жүгінген.

Ер адамның айтуынша, Қосшыға бірге келген, өзімен бірге тұратын әйел оған тиесілі Lexus 570 автокөлігімен кетіп қалған. Жол талғамайтын көліктің артқы орындығында 23 000 000 теңге салынған сөмке бар деп мәлімдеген. 52 жастағы әйел жалдамалы пәтерде ұсталды, – делінген хабарламада.

Бұл факт ҚР ҚК 389-бабы 2-бөлігі бойынша тергелуде, қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Фото: ашық дереккөз

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button