Экономика

Қазақстанда сұйытылған газдың шекті бағасы бекітілді

Қазақстанның Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газының шекті бөлшек бағасын бекітті. Белгіленген бағалар 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ НҚА эталондық бақылау банкіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан Республикасының аумағындағы автогаз құю станциялары үшін Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағалары бекітілсін, — делінген жарияланымда.

Бекітілген бағалар 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Олар мынадай: Астана – 76 теңге; Алматы – 81 теңге; Шымкент – 64 теңге; Алматы мен Солтүстік Қазақстан облыстары – 81 теңге; Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары – 54 теңге; Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстары – 76 теңге; Абай, Жетісу, Ұлытау облыстары – 76 теңге; Жамбыл облысы – 71 теңге; Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан облыстары – 64 теңге; Павлодар облысы – 74 теңге.

Сондай-ақ облыс орталығынан шалғай аудандарға қосылған құн салығы бар шекті бөлшек сауда бағасы (200 км-ден астам) 5 теңгеге жоғары болатыны атап өтілген. Еске салайық, Қазақстанда кейінгі екі жылда газ тапшылығы бірнеше рет болған еді.

Фото: ашық дереккөз

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button