Оқиға
Қостанайда бірден 10 көлік соқтығысып қалды

Қостанайда бірден 10 көлік соқтығысты, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ірі жол апаты бүгін 11:10 шамасында Абай даңғылындағы «Астықжан» сауда үйінің жанында болған. Соның салдарынан 1 адам медициналық мекемеге жеткізілді.
Оқиға орнында Қостанай қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Коллаж: Kazinform/Қостанай облысы ПД