Бизнес

Кәсіпкерлікті тексеруге арналған мораторий аяқталды

Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан басталған кәсіпкерлікті тексеруге енгізілген мораторий аяқталды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.       

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген «Қазақстан Республикасында тексерулер мен профилактикалық бақылау мен қадағалауға мораторий енгізу туралы» Жарлығының мерзімі  2024 жылдың 1 қаңтарында аяқталды.

Қазақстан билігі мораторий аяқталғанымен,  тыйым салынғанға дейінгімен салыстырғанда бизнесті тексеру аз болады деп сендіреді.

Сонымен қатар, 1 қаңтардан бастап Қазақстанда бақылаудың барлық бағыттары бойынша тәуекелдерді басқару жүйесі енгізілді.  Бұл процесті автоматтандыру арқылы адамның қатысуын барынша азайтуды көздейді. Билік мораторий енгізілгенге дейінге қарағанда  тексерулер саны екі есеге қысқарады деп үміттенеді.

Фото: elements.envato.com

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button