Экономика

Қор нарығында доллар қымбаттады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.   

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,37 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 457,06 теңге.

Ұлттық банкттің ресми бағамы – 1 долларға 454,56 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,06 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 458 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 460,5 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 455 теңге, сатып алу құны – 459 теңге.

Ресей рублі 4,85 – 5,05 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Фото: inbusiness.kz

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Мұны да оқи аласыз
Close
Back to top button