Елорда

Астанада лифт ішінде түкіріп, есігін тепкілеген әйел ұсталды (ВИДЕО)

Астанадағы тұрғын үйдің біріндегі лифтіде өрескел әрекет жасаған әйел анықталды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Бұл оқиға Жирентаев көшесіндегі тұрғын үй кешенінің лифтісінде болған. Әйелдің бұл әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Кадрларда ол кабинаны жұдырығымен ұрып, ластап және лифт қабырғаларын тырнап жатқаны көрінеді.

Алматы ауданының полицейлері бұзақы әйелдің кім екенін анықтады. Ол 33 жастағы елорда тұрғыны болып шыққан. Қазір әйел Уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұл дерек бойынша ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің екі бабы: 434-2 1 бөлігі «Қоғамдық орындарды ластау» (5 АЕК айыппұл) және 434 «Ұсақ бұзақылық» 1 бөлігі (20 АЕК немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу) бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал Астана қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына шешім қабылдау үшін жолданды, — делінген хабарламада.

Астана қалалық Полиция департаменті азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және қала меншігіне қамқорлық жасауға шақырады. Кез келген бұзушылық анықталып, жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертіп, қала тұрғындарының осындай деректерді байқаған жағдайда бірден «102» арнасына хабарласуына кеңес береміз.

Фото: Polisia.kz

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button