Ғалымдар адамның қанша өмірі қалғанын есептейтін жасанды интеллектті ойлап тапты
Даниялық ғалымдар нейрондық желі арқылы адамның қанша жыл өмір сүретінін есептейтін бағдарламаны ойлап тапты, деп хабарлайды ВВС.
Нейрондық желі адамның интроверт немесе экстраверт екенін, оның қай жылы қайтыс болатынын да есептеп шығарады.
Өткен айда Дания елінде іске қосылған life2vec сайты таныстырылды. Жобаны әзірлеушілер Nature журналының желтоқсандағы санында алгоритмнің қалай жұмыс істейтіні туралы егжей-тегжейлі сипаттап берді.
Жоба жетекшілері ерекше жайды атап өтті. Олардың айтуынша, онда ешқандай мистика немесе фантастика жоқ. Есептеулердің дәлдігі компьютер талдаған мәліметтер базасының үлкен көлемін қамтамасыз ете отырып, алты миллион даниялық тұрғынның әрқайсысы туралы барлық статистика жинақталған. Барлық ақпарат елдің ұлттық статистика басқармасының деректер қорында сақталады.
«Жобаның жаңашылдығы болжамдардың дұрыс немесе терістігінде емес, керісінше, жаңа білім алуында. Бұл білімді бөлісуге және оны іске асыруға болады», – деп түсіндірді профессор Сиун Леман.
Жобаның жетекші әзірлеушілерінің бірі Дания техникалық университетінің профессоры Сиун Леман түсіндіргендей, кез келген адамның өмір тарихын онымен болып жатқан оқиғалардың тізбегі ретінде елестетуге болады.
AI миллиондаған ұқсас процестерді бақылай отырып, қайталанатын өмірлік оқиғалар, кейбір заңдылықтар арасындағы байланыстарды байқайды. Ол үш негізгі деңгейді, яғни білімді, табысты және созылмалы ауруларды анықтайды.
Алынған деңгейлер оқиғалардың белгілі бір даму ықтималдығын болжау үшін қолданылады. Оның ішінде белгілі жастағы кез келген себептерден қайтыс болу ықтималдығы да бақыланады. Қазірдің өзінде жоба өлу қаупі жоғары деп анықтаған адамдардың көпшілігі қайтыс болған. Мәселен, жол-көлік қозғалысы апаттары секілді адам сенгісіз жайттарды алдын ала болжайды.
Ғалымдар бағдарламаның тек Данияда зерттеліп жатқандықтан, оқырмандарды ауқымды тұжырымдар жасауға асықпаған дұрыс деп есептейді.
Фото: curiosmos.com