Демалыс

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 5-8 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Алдағы күндері еліміздегі ауа райына атлантикалық циклон мен атмосфералық фронттар әсер етеді. Осылайша, Қазақстанның басым бөлігінде қар мен қар аралас жаңбыр жауады.

6 қаңтарда солтүстік-батыста қар көп жауады, ал оңтүстікте қар аралас жаңбыр жауады деген болжам бар.

7-8 қаңтарда солтүстік-батысқа, солтүстікке және орталыққа қалың қар түседі.

Сондай-ақ солтүстік өңірлердің жартысында көктайғақ болып, боран соғады. Жалпы елімізде тұман түсіп, жел күшейеді. Солтүстік-батыс антициклонының суық ауа массасының енуіне байланысты батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте және шығыста ауа температурасы күрт төмендейді.  Батыста және солтүстік-батыста түнде ауа температурасы минус 8-25 градусқа дейін, ал солтүстікте минус 5-30 градусқа дейін, шығыста минус 5-18 градусқа дейін төмендеп, аяз түсуі мүмкін.

Оңтүстік өңірлерде түнде ауа температурасы -5 градус және +7 градус аралығында болады.

Фото: Stan.kz

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button