Оқиға
Орал қаласында автокөлікке капотты тіркеп, сырғанаған 17 жасар қыз қаза болды
БҚО полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Болат Жаңабаевтың айтуынша, 23.41-де 17 жасар қыз облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілгенімен, есін жимастан көз жұмған, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Полиция қызметкерлері анықтағанындай, қыз достарымен бірге автокөлікке тіркелген ескі капотқа отырып, сырғанаған. Содан газ бағанасына соғылған. Жүргізуші куәлігі жоқ жасөспірім Абай көшесінде жол ережесін сақтамай, «ВАЗ-2107» автокөлігіне капотты тіркеген. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде, — деді полиция подполковнигі Болат Жаңабаев.
Фото: Pixabay