«Демікпесі асқынған»: Рим Папасының денсаулығы мүшкіл екені белгілі болды

Рим Папасы Францисктің денсаулық жағдайы мүшкіл екені белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz Anadolu Ajansı агенттігіне сілтеме жасап.
Католик шіркеуінің басшысы және Ватиканның мемлекет басшысы Папа Францисктің демікпесі асқынған. Ол оттегінің көмегімен демалып, тромбоциттер деңгейінің төмендегінен қан құйдырған.
Ватикан 14-ші ақпаннан бері өкпе инфекциясынан кейін Римнің Gemelli клиникасында ем алып жатқан 88 жастағы понтификтің жағдайы мүшкіл екенін айтты. Одан полимикроб инфекциясы анықталып, өкпесінің екі жағы қабынғаны белгілі болды.
Папаның денсаулық жағдайы күрделі. Бұрын да хабарлағанғандай, ол әлі қауіпті кезеңнен өткен жоқ, — делінген хабарламада.
Ватикан мәліметтері бойынша, Рим Папасының таң ата демалуы қиындап, оттегі терапиясын қолданып, қан құю қажет болды.
Осындай шараларға байланысты Папа есін жиды, алайда оның денсаулық жағдайы кешегіден қиын.
Понтифик дәстүрлі жексенбілік мінәжат ету шарасын өткізе алмайды.
Ал Ватиканның мемлекеттік хатшысы кардинал Пьетро Паролин Corriere della Sera басылымына берген сұхбатында понтификтің ықтимал отставкасына қатысты пікір білдірді.
Ол бұл әңгімені қажетсіз алып-қашпа сөз екенін, қазір ең бастысы понтификтің денсаулығының орнығып, Ватиканға оралуы екенін жеткізді.
Фото: AP Photo/Remo Casilli