Қоғам

«Алматы тазалық» мекемесінің директоры 2,7 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді

«Алматы тазалық» ШЖҚ МКК директоры мердігерден 2,7 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Алматы қаласы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алматы тазалық» ШЖҚ МКК директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Сейсенбіде тараған ақпаратқа қарағанда, ол мердігер ұйым өкілінен 2,7 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.

Бұл сома орындалған жұмыстардың актілеріне қол қоюға, мемлекеттік сатып алулар бойынша қосымша келісімшарттар жасауға және жалпы қамқорлыққа арналған. Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды, – делінген мәліметте.

 

Қазір тергеу жүріп жатқаны айтылады.

Агенттік сонымен қатар қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын жеткізді.

Фото: ашық дереккөз

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button