Qazaq Air әуе компаниясы сатылымға шығарылды
Қазақстандық Qazar Air әуе компаниясы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдастырған ашық екі кезеңдік байқау арқылы акцияларының 49-100% сататынын жария етті, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Әлеуетті қатысушылар біліктілік талаптарына сай болуы және ресми сайттарда жарияланған конкурстық құжаттамамен танысуы қажет. Акцияның бастапқы бағасы 10 200 000 000 теңгені құрайды. Бірінші кезең 2024 жылдың 29 қаңтарында аяқталып, қорытындысы 2024 жылдың 16 ақпанында шығарылады.
Байқауға қатысу үшін кепілдік жарна 173 400 000 теңгені құрайды және белгіленген ережелерге сәйкес төленуі керек. Конкурс жеңімпазы инвестициялық міндеттемелерді төлеу мен орындауды қоса алғанда, міндетті шарттарды орындауы тиіс.
Айта кету керек, бұған дейін «Самұрық-Қазына» Ұлттық компаниясында Qazaq Air әуе компаниясын жекешелендіру шарттары көрсетілген болатын.
Алайда, кейінірек «Самұрық-Қазына» Qazar Air әуе компаниясын сату бойынша байқау жарамсыз деп танылғанын хабарлады.
Фото: mavink.com