Антикор Қайрат Сатыбалдының ісі жайлы тың мәліметтер айтты
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов Қайрат Сатыбалдының қылмыстық жолмен алынған активтерді жылыстату фактісі бойынша қылмыстық ісі сотқа жіберілгенін айтты, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Қайрат Сатыбалдыұлына байланысты агенттік қылмыстық жолмен алынған активтерді жылыстату фактісі бойынша қылмыстық кодекстің 218-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі аяқтап, сотқа жіберді. Сатыбалдыұлының қылмыстық жолмен алынған қаражатқа және заңсыз ақшадан түскен пайдаға түрлі мүлікті (оның ішінде шетелде сатып алған), оның ішінде шетелден алып, ақшасын Қазақстан және шетелдегі банк шоттарына салған. Сондай-ақ екінші фактіге байланысты салық төлеуден жалтару бойынша сотқа дейінші тергеу жалғасуда, — деді ол.
Фото: ашық дереккөз