Қоғам

Заңсыз берілген 10 млн гектар жер мемлекетке қайтарылды

Заңсыз берілген және мақсатты пайдаланылмай бос жатқан 10 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Мемлекетке қайтарлыған 10 млн гектар жердің 2,8 млн гектары жергілікті фермерлерге, өңірлердің тұрғындарына қайта бөлінді. Бұдан бөлек, осыған дейін пайдаланылмаған 3,4 миллион гектар жерді иелері игеруге кірісті, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәлім болғандай, былтыр Jerkarta.gharysh.kz Интерактивті карта жаңартылды. Онда қазір барлық қайтарылған ауылшаруашылық жерлерінің орналасқан жері мен ауданы көрсетілген. Сондай-ақ, жайылымдық жерлерде тапшылыққа ұшыраған аумақтардың орналасқан жері туралы деректерді интерактивті картаға енгізу жұмыстары аяқталды. Бұл қайтарылған жер учаскелерін ескере отырып, қажет болғанша жайылымға жер беру үшін аймақтың бүкіл бейнесін анық көруге мүмкіндік береді.

Қызметті қағазсыз көрсету және жер учаскелерін беру рәсімін автоматтандыру үшін ЖМБМК АЖ іске қосылды. Ақпараттық жүйе ашық түрде жұмыс істейді, пайдаланушыларға жария кадастрлық картада жергілікті атқарушы органдарға оған құқық беру туралы өтініш беру үшін учаскені таңдауға мүмкіндік береді. Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда жер учаскелерін берудің электрондық тәртібі заңнамалық түрде енгізілді, – делінген хабарламада.

Фото: dknews.kz

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button