Қоғам
Абылай Мырзахметовтің ісі бойынша алдын ала тыңдау басталды
Астана қалалық сотында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (ҰКП) бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметовтің ісі бойынша алдын ала тыңдау басталды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Сотталушы сот залына сағат 15:00 шамасында жеткізілді. Ол 2023 жылдың мамырынан бері қамауда отыр.
Еске салайық, былтыр қазанда сот ұлттық палатаның бұрынғы төрағасын қамауға алу мерзімін ұзартқан болатын. Желтоқсанда істің сотқа жеткені белгілі болды.
Абылай Мырзахметов былтыр 12 мамырда қамауға алынған болатын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мырзахметов туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға көмектесті деген күдікпен кәсіпкерді аса ірі көлемде пара беруге итермеледі және алаяқтық жасады деген күдікке ілінгенін хабарлады.
Фото: segodnja.kz