Қоғам

«Өзіміз шешеміз!»: Динара Сәтжан Тина Канделакидің «сынына» жауап берді

Қазақстандық тележүргізуші Динара Сәтжан ресейлік әріптесі Тина Канделакидің Қазақстандағы теміржол стансалары атауының өзгеруіне қатысты сынына жауап берді, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Тина Канделаки өзінің Telegram-парақшасында Қазақстанда орыс тілінің қолданылу аясы тым шектеліп жатқанын жазған болатын. Канделаки «Уральск» атауының – «Орал», «Узень» атауының «Жаңаөзен» деп өзгеруі күмән тудыратын шешім екенін айтқан еді.

Оның бұл пікіріне Динара Сәтжан жауап берді.

Қымбатты Тина! Біріншіден, біз тәуелсіз мемлекетпіз. «Есіктен кіріп, төр менікі деме» деген мақал бар. Сондықтан теміржол стансаларына қандай атау беретінімізді өзіміз шешеміз.

Екіншіден, Қазақстан егемен жылдарында кеңестік биліктің салдарынан жоғалтып алған ана тілін қайтарып жатыр.

Үшіншіден, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынасқа арналған ресми тіл, ал қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Бұл Конституцияда көрсетілген, — деді Сәтжан.

Отандық тележүргізуші теміржол стансаларына тарихи атаулары қайтарылып жатқанын еске салды.

Бұл жерде орыс тілінің қолданылу аясын шектеу дегеннің қатысы қанша? Біз өз елімізде мемлекеттік тілден бөлек орыс және ағылшын тілдерінде де сөйлейміз. Біздің күшіміз осыда! – деп жазды Динара Сәтжан.

Фото: ҚазТАГ

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button