Аймақ

Шымкентте кәсіпкерден пара алды деген күдікпен орталық басшысы ұсталды

Шымкентте Еңбек мобильділігі орталығының басшысы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz Антикорға сілтеме жасап.

Шымкент бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қалалық «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатыр.

Ол «Бастау Бизнес-2023» ұлттық жобасы шеңберінде гранттардың нысаналы пайдаланылуына мониторингті іске асыру кезінде жалпы қамқорлығы үшін делдал арқылы 200 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді. Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жарияланбайды.

Фото: gov.kz

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button