Әр түрлі
Еліміздің бірнеше өңірінде аяздың беті қайтады
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 18-20 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Метеорологтардың болжамынша, елімізде аяздың беті қайтады, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
2024 жылғы 17 қаңтардағы хабарламада еліміздің басым бөлігінде ашық аязды ауа райын тудырған ауқымды антициклон өз орнын жоғалта бастағаны, осыған байланысты температуралық фонның біртіндеп көтерілуі және аздаған қар жаууы күтілетіні атап өтілді.
Ал Қазақстанның батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын, негізінен қар түрінде болады, көктайғақ күтіледі, жел мен бұрқасын күшейеді, — деді «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Фото: Қайрат Қоныспаев