Қоғам

Түркістан облысында бопсалау қылмысына қатысы бар азамат ұсталды

Түркістан облысының полицейлері бопсалау қылмысына қатысы бар азаматты «ізін суытпай» ұстады. Күдікті бұған дейін тонау қылмысы мен заңсыз қару сақтағаны үшін сотталған, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Түркістан облыстық Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Шымкент – Самара тас жолы бойында қомақты ақша бопсалап, автокөлікті заңсыз иемденген күдіктіні ұстады.

Күдікті бұған дейін тонау мен заңсыз қару сақтағаны үшін сотталған Түркістан қаласының 28 жастағы тұрғыны. Ол құрылыс жұмыстарымен айналысатын танысынан 1 миллион теңге көлемінде ақша бопсалап, оның BMW автокөлігін заңсыз иемденгені анықталды.

Фото: ІІМ

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button