Мәдениет

Мақпал Жүнісова концертте қызық жағдайға тап болған

Қазақ эстрадасының дүлділі Мақпал Жүнісова гастрольдік сапарында қызық жағдайға тап болғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Мақпал Жүнісова басынан өткен қызықты оқиға туралы Instagram парақшасында айтып берді. Әнші Кеген ауданына концерт беруге барғанымен, сахнаға киіп шығатын киімдерін үйінде ұмытып кеткен. Сол себепті өнер иесі жергілікті дүкеннен камзол сатып алуға мәжбүр болған.

Кеше өмірімде болмаған оқиға орын алды. Таңғы 7-де Мерей Кегенге шығарып салды. Домбырамды, концертке киетін бас киімді алып, чемоданға аяқ киім мен косметиканы салыппын. Ал концертке киетін костюмдерді үйде қалдырып кетіппін. Сол жақтан қыздар дүкенге барып, ұзын қара юбка мен камзол сатып алып келді. Сонымен концертті бастадық. Соңына қарай киімім жетті. Мерей таксимен жібертті. Халыққа түсіндіріп айттым, бәрі жақсы өтті, — деп жазды Жүнісова.

Фото: qazaquni.kz

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button