Оқиға

Жамбыл облысында екі теміржолшыны пойыз басып кетті

Жамбыл облысында Жиделі-Бірлік учаскесінде пойыз апаты болды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

21 қаңтар күні таңғы сағат 07:27 кезінде Шығанақ-Шу учаскесінің Жиделі-Бірлік учаскесінде екі теміржолшыны пойыз басып кеткен.

Пойыз машинисі апаттық тежегішті басқанымен құрамды тоқтату мүмкін болмады.

Бүкіл мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына ҚТЖ комиссиясы аттанды. Тергеу басталды.
ҚТЖ қызметкерлердің отбасына көңіл айтып, оларға қажетті көмекті көрсетеді, — деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Фото: ҚТЖ

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button