Еліміздің экономикасы әлі де шенеуніктердің қолында — Досым Сәтпаев

Саясаттанушы Досым Сәтпаев facebook-парақшасында елімізде болып жатқан реформалар туралы айта келе, жаңа экономикалық саясат туралы сөз қозғалса да, билік ескі жүйені сақтап отырғанын жеткізді, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Саясаттанушының пікірінше, квазимемлекеттік сектор мен олигархтар Қазақстандағы бәсекелестікті жойып жатыр.
Қазақстан жағдайында біз ұзақ уақыт бойы тау етегінде тұрып, жабдықтарымызды мақтап, селфи жасап, көп ұзамай шыңға шығатынымызды айтып келеміз. Бірақ сол жерде тұрғанымызға 30 жыл болды. Бізде жаңа экономикалық саясат туралы сөз қозғалса да, билік ескі жүйені сақтап отыр – экономика әлі де шенеуніктердің қолында, ал бәсекелестікті квазимемлекеттік «зомби-компаниялар» мен олигархиялық топтар жоя береді. Жақында сенат спикері өз сұхбатында «Өзгер немесе құрисың» деген ұран қазір бұрынғыдан да өзекті екенін айтты. Бірақ бұл үндеу ең алдымен реформаларға ең үлкен кедергі келтіріп отырған мемлекеттік аппаратқа бағытталуы керек емес пе?
Өйткені бізде ЖІӨ өсімі үкіметтің басқарушылық қабілетіне мүлде тәуелді емес. Егер сатуға болатын шикізат болса, оның бағасы азды-көпті қолайлы деңгейде тұрса, басқарушылардың біліктілігінің ешқандай маңызы болмайды, – деп жазды ол Facebook парақшасында.
Фото: ашық дереккөз