Қоғам

Әйгілі бүркітші Айшолпанның отбасы Қазақстанға көшіп келді

Әлемге әйгілі бүркітші, қандасымыз Айшолпанның отбасы елге көшіп келді, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Мен Қазақстандамын, бір аптадай бұрын ата-анам мен бауырларым көшіп келді. Өзім Алматыдағы С. Демирел атындағы университетте қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша 4-курста оқимын. Қазір мамандығым бойынша жұмыс қарастырып жатырмын, — деді Айшолпан Kazinform тілшісіне берген сұхбатында.

Сондай-ақ отандасымыз бүркіт баптау өнерін тастамағанын айтты.

Оқу мен бүркітпен айналысуды қатар алып жүрмін. Аптасына бір рет айналысамын. Жарыстарға қатысып жүрген жоқпын, тек қонақ ретінде барамын. Себебі оқудан қол тимейді, — дейді бүркітші қыз.

Еске сала кетсек, 2018 жылы қарашада бүркітші Айшолпан туралы фильм шыққан болатын. Ал 2019 жылы Моңғолия композиторы жерлесіміздің құрметіне өз туындысын арнады. Сондай-ақ 2022 жылы бүркітші Айшолпан туралы ағылшын тілінде кітап шықты.

Фото: arqau.kz

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button