Qazaq-тың ақшасы

57 миллион теңге жымқырды деген күдікпен «Спортты дамыту дирекциясының» бұрынғы директоры ұсталды

Батыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК бұрынғы директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу деректері бойынша, күдікті 2021-2022 жылдары алдау арқылы жалпы сомасы 57 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған. Бұл қаражатты БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы Artsport бағдарламасы бойынша жан басына қаржыландыру шарты шеңберінде балаларды оқыту бойынша көрсетілетін қызметтерге «Ақжайық ФК» ЖШС-не бөлген.

Соттың санкциясымен ол қамауға алынды.

Қазіргі уақытта қалған адамдардың қылмысқа қатысы тексерілуде және жымқырудың қосымша эпизодтарын анықтау жұмыстары жалғасып жатыр.

Фото: ашық дереккөз

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button