14%-ы балалар: Алматыда 233 адамнан коронавирус анықталды
Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова жыл басынан бері қалада коронавирустық инфекция жұқтырған 233 адам анықталғанын айтты, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Оның айтуына қарағанда, науқастардың 14%-ы 14 жасқа дейінгі балалар.
Жыл басынан бері коронавирустық инфекция жұқтырған 233 адам анықталды, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында — 30 жағдай, жасөспірімдер арасында — 6 жағдай, ересектер арасында — 197 жағдай тіркелді. 18 ақпанға дейін КВИ мен ауырғандардың ішінде кәсібі бойынша жұқтарғандар: 27,9% — жұмыссыздар, 15,0% — әртүрлі ЖШС — де жұмыс істейтіндер, 11,6% – мектеп жасына дейінгі балалар, 27,5% — зейнеткерлер, 3,9% — студенттер, – дейді Әсел Қалықова.
Фото: ашық дереккөз