Аймақ

Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекция басшысы тағайындалды

Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекция басшысы қызметіне Мұхтар Оразбаев тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Оқи отырыңыз: Қызылорда облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Мұхтар Әуесұлы Оразбаев 1971 жылы Арал ауданында дүниеге келген. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын «Ауыл шаруашылығын механизациялау» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы «Аралбалық өндірісі» акционерлік қоғамы автопаркінің механигі болып бастаған. 2000-2012 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының жетекші маманы, бас маманы, бөлім басшысы, аппарат басшысы лауазымдарында абыройлы қызмет атқарған. 2012-2021 жылдары Арал ауданы әкімінің орынбасары, аудан әкімі болды.

2021 жылдың мамыр айынан осы кезге дейін Қазалы ауданының әкімі қызметін атқарып келді.

Фото: Қазалы ауданының әкімдігі

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button