Әлем

Израиль Палестинаны мемлекет ретінде ресми мойындамайды

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Палестина мемлекеттілігін біржақты мойындаудан бас тартуды үкіметтің дауыс беруіне қойып, ол бірауыздан мақұлданған, деп хабарлайды BBC.

Израиль палестиналықтармен тұрақты келісімге қатысты халықаралық талаптарды үзілді-кесілді қабылдамайды. Мұндай келісімге тек тараптардың тікелей келіссөздері арқылы, алғышартсыз қол жеткізіледі. Израиль Палестина мемлекетін біржақты тануға қарсы тұруды жалғастырады, — делінген министрлер кабинеті бекіткен мәлімдемеде.

Израиль билігі мұндай мойындау «терроризм үшін үлкен сый болады және болашақ бейбіт келісімге кедергі болады» деп сенеді.

Осы уақытта БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі сейсенбі күні Алжир ұсынған Газада атысты тоқтату туралы қарарды дауысқа салады деп күтілуде.

Америка Құрама Штаттары қарар жобасы кепілге алынғандарды босату және ұзақ мерзімді бітімге қол жеткізу үшін жүргізіліп жатқан дипломатиялық күш-жігерді тоқтатып, маңызды келіссөздерге қауіп төндіруі мүмкін деп есептеп, вето құқығын пайдалануға ниетті.

Фото: Antonio Masiello/Getty Images

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button