Аймақ

Нұрсұлтан Назарбаев қамауға алынды

Алматыда Нұрсұлтан Назарбаев қамауға алынып, жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Биыл 4 ақпанда тәртіп сақшылары Toyota Сamry көлігін тоқтатқан. Оны 23 жастағы Нұрсұлтан Назарбаев есімді азамат тізгіндеген.

Полицейлер ішімдік ішкен жүргізушіге арнайы түтікше үрлетіп, тексерістен өткізген. Тексеріс нәтижесі бойынша полицейлердің күдігі расталған. Салдарынан ол 15 тәулікке қамалды. Сонымен қоса 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды. Жүргізушінің көлігі тұраққа қойылды. Дегенмен Назарбаев сот шешімімен келіспейтінін атап өткен, – делінген хабарламада.

Фото: Halyq Uni

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button