Қоғам

Рамазан – 2024: Ораза қашан басталады?

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2024 жылғы діни күндер кестесін бекітті, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Күнтізбеге сәйкес, 2024 жылы Рамазан айы 11 наурызда басталады. Ал қасиетті Қадір түні 5 сәуірден 6-сына қараған түнге сәйкес келіп тұр. Мұсылмандардың мейрамы Ораза айт 10 сәуірге белгіленсе, Құрбан айттың бірінші күні 17 маусымға сәйкес келді.

Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа Айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертті.

Фото: ашық дереккөз

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button