Қоғам

Мектепте намазхана ашу мүмкін емес! – Оқу-ағарту министрі

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа үкіметтің баспасөз орталығында БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Журналистер «Жалпы мектептерде намазхана болуы керек пе?» деген сұрақ қойды. Ол мектеп намаз оқуға емес, білім алуға арналған орын екенін айтты.

Оқи отырыңыз: Желіде мектепте намаз оқыған оқушылардың видеосы тарап жатыр

«Мектеп ең алдымен, тәрбие мен білім ошағы. Сондықтан, мектепті міндетті түрде ұстаздарымыз балаларды білім беруге бағыттауы керек. Үнемі айтып жүрміз. Бұл ұстанымнан біз тайған емеспіз. Сондықтан басқа мәселені көтерудің қажеті жоқ. Жалпы мектеп – сапалы білім мен тәрбиені үйретуге арналған орын. Сондықтан бұл мүлдем мүмкін емес»», – деді Бейсембаев.

Коллаж: ulysmedia.kz

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button