Қоғам

Желіде мектепте намаз оқыған оқушылардың видеосы тарап жатыр

Күні кеше әлеуметтік желіде оқушылардың мектепте намаз оқыған видеосы тараған болатын, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz Ulysmedia.kz порталына сілтеме жасап.

Бейнежазбадан бір топ баланың сәждеге жығылып жатқанын байқауға болады. Олардың артқы жағында мектеп партасы көрінеді. Спорттық киім киген бозбалалардың қай өңірдің, қай мектептің шәкірттері екені әзірге белгісіз. Ал заң бойынша оқу орындарында бұлайша діни рәсім жасауға тыйым салынған.

Оқу-ағарту министрлігі сабақ барысында құлшылық жасауға рұқсат берген білім ошағын анықтап, шара қолдануды қолға алмақшы.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бап, 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы өзін зайырлы мемлекет ретінде орнықтырады.
«Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы (Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-ІV) Заңға (3-бап 1, 4-тармақтары) сәйкес Қазақстан Республикасында білім беру мен тәрбиелеу жүйесі дін мен діни бірлестіктерден бөлінген және зайырлы сипатта болады (Діни білім беру ұйымдарын қоспағанда).
Сондай-ақ аталған Заңның 7-бабына сәйкес діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының аумағында және ғимараттарында Құдайға құлшылық етуді, дінижораларды, рәсімдерді және (немесе) жиналыстарды өткізуге (жасауға), сондай-ақ миссионерлік қызметті жүзеге асыруға жол берілмейді, – деп мәлімдеді ведомство Ulysmedia.kz редакциясының сауалына берген жауабында.

Фото: видеодан скриншот

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button