Қоғам

Жоғарғы сот криптовалюта майнингі туралы қауесетті жоққа шығарды

ҚР Жоғарғы соты «Сот кабинеті» сот органының серверіндегі криптовалюта «майнингі» туралы ақпараттың жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Анонимді телеграм-арнада «Сот кабинеті» сот органының қызметіне байланысты серверде криптовалюта «майнингі» туралы жалған ақпарат жарияланған. Осыған орай, «Сот кабинеті» сервисінің серверлері «ҰАТ» АҚ-да орналасқанын, серверлерге тікелей қатысы жоқтығын, қолжетімділік тек қашықтан қосылу арқылы жүзеге асырылатынын хабарлаймыз», — делінген Жоғарғы соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сонымен қатар жарияланымда көрсетілген 195.12.114.3 сыртқы мекенжайы бар сервердің сервер-прокси екені, оған Сот кабинеті орналастырылмағаны айтылды.

«Сот кабинетінің» 192.*.*.5 негізгі серверінде интернетке тікелей кіру мүмкіндігі жоқ және сәйкесінше, оған “майнинг” физикалық тұрғыдан мүмкін емес. Түнгі уақытта сервер жұмысының бәсеңдеуі «Ақпараттандыру туралы» Заңның талаптарына сәйкес жүргізілетін деректердің сақталуы және жоғалуының алдын алу мақсатында деректердің сақтық көшірмесін жасауға байланысты. Бұл операциялар жүйенің өзіне жүктемені айтарлықтай арттырады», — делінген хабарламада.

Ведомство өкілдері тек ресми дереккөздерге сенуді сұрайды.

Фото: pixabay.com

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button