Аймақ

Илон Масктың интернет қондырғылары елімізге жеткізіліп жатыр

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстанға Starlink жабдығының алғашқы партиясы жеткізілгенін айтты, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Ол әзірге елге Starlink қондырғысының 500 данасы әкелінгенін жеткізді.

Алматыға жабдықты қабылдау барысын арнайы тексеру үшін келдім. Келесі аптада Түркістан, Ақмола облыстарындағы Starlink орнатуға толық дайын мектептерге жабдықтарды жеткізу басталады. Аталған облыстардың әкімдіктері барлық дайындық жұмысын жақсы жүргізді. Қалған өңірлерге 10 күннен кейін келетін келесі кезекте жеткізіледі, – деп жазды Бағдат Мусин.

Министр ендігі 20 күн ішінде барлығы 2 мың жинақ келетінін айтты. Олар елдегі 2 мың шалғайдағы ауыл мектебін жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету үшін қолданылмақ.

Фото: hvylya.net

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button