Қоғам

«Мақсатыма жеттім»: Мұхамедиұлы өзіне тағы да іс қозғалуы мүмкін екенін айтты

Бүгін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотында экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты кезекті сот тыңдалымы өтіп жатыр, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Экс-министрдің өзі барлық айыптауды жоққа шығарып, даудың басы “Дипломат” қонақүйінен шыққанын айтты. Оның сөзінше, кей адамдар қонақүйдегі астыртын жемқорлық әрекеттерін жасыру үшін өзіне жала жауып отыр.

Мұның бәрі көп айыптаулардың ішіне “Дипломат” ісін қосып жіберу үшін жасалып отыр. Қай кезде бір адамға 8 іс қозғап еді? Маған ғана. Оның ішінде ешбір факт расталған жоқ. Тек бір дерек шығып қала ма деген үмітпен созып жатыр. Бірде бір құқықбұзушылық жоқ, – деді Мұхамедиұлы.

Сонымен қатар ол прокурордың айыптауымен мүлдем келіспейтінін айтты.

Егер ешбір факт болмаса қалай келісем? Мұхамедиұлының картасына осынша ақша түсті, осындай адам пара берді немесе заң бұзды деп көрсетсе келісер ем. Оның ешбірі жоқ, – деп атап өтті ол.

Экс-министр өзіне қатысты тағы да іс қозғалуы мүмкін дейді.

Қозғалуы мүмкін, қозғай берсін, қорықпаймын. Себебі ешқандай факт жоқ. 2 жылдан бері осы істі бақылап жүрсіздер. Сіздерге қандай да бір нақты деректі ұсынды ма, – деп сұрады ол тілшілердің өзінен.

Арыстанбек Мұхадиұлының сөзінше, камерада жағдайы жақсы, уақытын бос өткізіп жатқан жоқ.

Күнде йогамен айналысам, күнде кітап оқимыз, спортпен шұғылданамыз. Жақында 24 күн аштық жарияладым. Бірақ керек құжатымды алдым. Мақсатыма жеттім, – деді ол.

Фото: дереккөз

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button